Павлодарда лифтінің шұңқырына құлаған әйел көз жұмды
Павлодарда лифтінің шұңқырына құлаған әйел көз жұмды
96
оқылды
Павлодарда 64 жастағы әйел лифт шұңқырына құлап, көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Павлодар қаласының орталығында орналасқан Бектұров көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел жедел сатының шұңқырына бесінші қабаттан құлап кеткен. «Зардап шегуші 1955 жылы туған, биологиялық өлім тіркелді», – деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы. Павлодар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімететінше, лифт қабаттардың арасында тоқтап қалған. Әйел өздігінен шығуға тырысып, шұңқырға құлап түскен. Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр.