«Астана аруы – 2019» туралы не білеміз?
«Астана аруы – 2019» туралы не білеміз?
150
оқылды
«Астана аруы – 2019» Айзада Хабиболлаева өзі туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бойжеткен жеңімпаздың тәжін кию үлкен қуаныш пен бақыт екенін айтады. «Мен әртүрлі бағдарламаларға қатысып, қазақ әйелдерін үлгі тұту үшін жақсы жағынан көрсетуді жоспарлап отырмын», – дейді ол. Айзада Хабиболлаева Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген. Жергілікті орта мектепте тоғыз сыныпты бітірді. Содан кейін ол өзінің өмірін музыкамен байланыстырғысы келіп, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының музыка колледжіне прима қобыз мамандығы бойынша оқуға түсті. Колледжді бітіргеннен кейін Айзада елордаға келеді. Бірақ ол музыканы жалғастыру идеясын қабылдамай, Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсті. Айзада «Тұмар» музыкалық триосының құрамында өнер көрсетеді. Қыздар Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі қаласына концерттермен барып жүр. «Мен үшін бәсекелестік қиын болмады, өйткені өзіме мақсат қойдым және кейбір ұсақ-түйекке мән бермеуге тырыстым. Тапсырмалар өте қызықты болды. Мен оларды шын ниетіммен орындадым, сондықтан ешқандай қиындық тудырған жоқ», – дейді ол. Еске салайық, Нұр-Сұлтанның ең сұлуы атану үшін 16 жастан 24 жасқа дейінгі жас аралығында 583 ару сынға түскен.
Айзада.jpeg

https://youtu.be/a9sc5dlxVEU