Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Дзюдодан әлемдік рейтинг: Елдос Сметов үздік бестікте

Халықаралық дзюдо федерациясы Дохадағы Masters турнирінен соң әлемдік рейтингті жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келі салмақта Елдос Сметов бесінші орыннан төмендеген жоқ. Ал Ғұсман Қырғызбаев 10-шы орында. 66 келіде Ерлан Серікжанов 11-ші, Елдос Жұмақанов 25-ші сатыда тұр. 73 келіде Жансай Смағұлов 2930 ұпаймен 19-шы орынға тұрақтады. 81 келідегі Дидар Хамза 28-ші, 90 келіге дейінгі салмақтағы Ислам Бозбаев 20-шы орында. Айта кетелік, Дохадағы турнирде Қазақстан командасы сапынан ең жоғарғы нәтижені Жансай Смағұлов тіркеді. Ол қола жүлде үшін өткен кездесуде жеңіліп, бесінші орын иеленді.