Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады. Қаулыға сәйкес, екiншi семестрден бастап колледждер мен жоғарғы оқу орындарының I-курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданды. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және маска режимi, әлеуметтiк қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ І-курс студенттеріне жатақханада тұруға рұқсат берілген. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-ші сыныпқа дейін), 9,11 (12) - сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімдеріне, білім басқармасына, Алматы қаласының қоғамдық даму басқармасына жүктелген.