Қарашада халық саны қанша болды?
Қарашада халық саны қанша болды?
5,166
оқылды

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 18,59 миллион адамды құрады, бұл Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ) Статистика комитетінің хабарламасынан көрінеді, – деп хабарлайды ҚазТАГ.

«2019 жылғы 1 қарашада ел халқының саны 18 592,7 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 10 857,3 мың адам (58,4%), ауыл тұрғындары – 7735,4 мың (41,6%). 2018 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 235,8 мың адамға немесе 1,3% өсті», – делінген құжатта.