«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті
«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті
121
оқылды
«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/16 финалында Беларусьтің «ВитЭн» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Тартысты өткен матчта қазақстандық ұжым 5:3 есебімен жеңіске жетті. «Қайрат» сапынан Савио, Умберто, Диего, Оразов және Дуглас көзгі түсті. Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан жолдама тағдыры бір матчта шешіледі. Осылайша алматылық ұжым сырт алаңдағы жеңістің арқасында Чемпиондар лигасының 1/8 финалына өтті. УЕФА Чемпиондар лигасы. 1/16 финал. «ВитЭн» – «Қайрат»3:5 (0:3) Голдар: Перемитин 28, Козел 34, Гусаков 36 – Савио 1, Умберто 16, Диего 18, Оразов 34, Дуглас 39.