Көлікте баламен келе жатып темекі шеккендерге 1000 доллар айыппұл салынады
Көлікте баламен келе жатып темекі шеккендерге 1000 доллар айыппұл салынады
89
оқылды

Әзірге аталған ұсыныс АҚШ-та айтылды. Бөлісесіз бе?

Индиана штатында егер көлік ішінде бала отырғанда темекі шеккендерге 1000 доллар айыппұл салуды ұсынды, – деп хабарлайды Lifter.com.

Егер машинада алты жасқа толмаған бала болып, жүргізуші темекі тартса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жылына үш рет осы қылмыс бойынша ұсталсаңыз айыппұл 10 000 долларға дейін артады.

Дәрігерлер адам темекі түтінімен ластанған бөлмеде 8 сағат тұрса, 5 тал темекі шегумен бірдей екенін дәлелдеді.

Екіншіден, темекі түтініндегі улы заттың 20%-ы темекі шегушінің өкпесіне түседі, қалғаны қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға зиян.

Ал сіз АҚШ-тағы айыппұл бастамасын қолдайсыз ба?