Шымкентте 2 балдық жер сілкінісі сезілді Шымкент тұрғындары Ауғанстандағы жер сілкінісінің дүмпуін сезді. Жер сілкінісі 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 02.02-де тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 823 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында болды. Энергетикалық класы 13.0. MPV тербелісі 6.0, Тереңдігі –150 шақырым, 2 балдық жер сілкінісін Шымкент қаласының тұрғындары сезді.