Халықаралық турнирде Қазақстанның боксшы қыздары 5 алтын алды
Халықаралық турнирде Қазақстанның боксшы қыздары 5 алтын алды
155
оқылды
Сербияда қыздар арасындағы бокстан «Ұлттар кубогі» Х Халықаралық турнирі мәресіне жетті. Қазақстанның еншісінде  7 медаль деп хабарлайды Sports.kz. 5 боксшы қыз алтын медаль иеленді. Олар: Арайлым Марат (48 кг), Дина Жоламан (54 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Ләззат Күнгейбаева (+81 кг). Күміс жүлдеге Гүлсая Ержан күміс жүлдеге, Валентина Хальзова қолаға қол жеткізді. Халықаралық турнирде Қазақстанның намысын 9 боксшы қорғады.