Түркістанның дайындығы қалай?
Түркістанның дайындығы қалай?
129
оқылды

Президент Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады.

Кездесу кезінде Мемлекет басшысына биыл өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту үшін атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды.

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен ин­вестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 па­йыз­ға өскен.

Сонымен қатар облыс әкімі 2020 жылдың қа­зан айына жоспарланған Түркістан қаласының таныстырылым рәсіміне дайындық барысы жайында, Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарының толық аяқталғаны жөнінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өмірзақ Шөкеевке атаулы әлеуметтік көмек, газдандыру және тұрғындардың табыс көлемін арттыру мә­селелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.