Жоғары санатты невропатолог, медицина ғылымдарының кандидаты Неонила Фомина-Чертоусова РИА Новости ақпарат агенттігіне коронавируспен ауырған адамның денсаулығы жайлы айтты. Дәрігердің айтуынша, вирус жұқтырғаннан кейін адам инсульт алуы мүмкін. Сонымен қатар коронавируспен ауырған адамның ұйқысы нашарлайды, бұлшықеттер зақымданады.
"Ковидпен бірге инсульт деген ұғым пайда болды. Коронавирус жұқтырған кезде инсульт алу мүмкіндігі көбірек, шамамен алты пайызға", – деді Фомина-Чертоусова.Сонымен бірге жүйке жүйесінде проблема болып, аяқ-қол ұйып қалу белгілері кездесуі мүмкін. Дәрігер мұндай асқынулар адам жазылғаннан кейін де пайда болуы мүмкін екенін атап өтті.