18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникаларын өткізуге болады
18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникаларын өткізуге болады
157
оқылды
ӨКМ операторы 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданатынын хабарлады.
«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен істен шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 2021 жылы қабылдау квотасының мөлшері мақұлданды. Осы бағдарламаны іске асыру аясында жыл соңына дейін 2 380 бірлік ауылшаруашылық техникасын қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 900 трактор, 480 комбайн қабылданады», деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның 11 облысында ескірген ауыл шаруашылығы техникалары қабылданады. 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында ескі техникаларды өткізуге болады.

Оразғалиев Н.