Астананың халық тығыз орналасқан ауданында тағы бір емхана ашылады
Астананың халық тығыз орналасқан ауданында тағы бір емхана ашылады
5,132
оқылды
Нұр-Сұлтанда пандемияның барлық талабына сай келетін емхана ашылады. Бұл жаңалықты қала әкімі Алтай Көлгінов жеткізді.
«Биыл елордада емхана әдеттегі функционалдық міндеттерімен қоса, пандемияның барлық талабына сай келетін емхана ашылады. Онда «лас« және «таза» аймақтар болады. Желдету жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және тағы басқалары орнатылған. Жаңа емхана Есіл ауданында орналасқан. Өйткені ауданда тек бір емхана (№9 емхана) болатын. №9 емханаға шамадан тыс жүктеме артылды. Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Тұрғындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз», – деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
Қала әкімі дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға барғанын айтты. Балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынған. Бұл қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.