Депутаттар шекарада жүздесті
Депутаттар шекарада жүздесті
5,148
оқылды

Мәжіліс депутаттары қазақ-қырғыз шекара­сын­дағы автомобиль өткізу пунк­тінің инфрақұры­лы­мы­мен танысу мақсатын­да Жамбыл облысына жұ­мыс сапарымен барды.

Қордай ауылындағы бақы­лау-өткізу пунктіне барғаннан кейін Мәжіліс және Қырғыз Рес­пуб­ли­касы Жогорку Кенеші де­путат­та­рының бірлескен оты­рысы өтті.

Отырыста Мәжіліс Төрағасы­ның орынбасары Владимир Бож­ко қаралып отырған мәселенің әлеуметтік-экономикалық бағы­тының маңызын айта келе, елі­міздің және көрші Қырғыз Рес­публикасы азаматтарының ес­кертулеріне назар аударды. Атап айтқанда, олар шекара өткізу пунк­тінде, әсіресе жаз мез­гіліндегі кезектің ұзақтығын ай­тып, жиі шағымданады. Ке­ден­дік рәсімдеудің және шека­раны бақылаудың баяу жүргізілуі, жемқорлық, контрабанда және инфрақұрылымның тапшылығы фактілері де бар.

Отырыс барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры Дархан Ділманов, Индустрия және инфрақұрылым­дық даму, Қаржы министрлік­терінің, сондай-ақ Жамбыл об­лысы әкімдігінің және қырғыз та­рапының мемлекеттік орган­да­рының өкілдері баяндама жасады.

Қазақстандық Парламент өкілдері өз баяндамаларында шекарадағы автомобиль өткізу пунктінің жұмысын қамтамасыз ету саласындағы ведомство жұ­мысының негізгі бағыттары ту­ралы толық ақпарат берді. Со­ны­мен бірге 2003 жылғы 25 жел­тоқсандағы Қазақстан мен Қыр­ғыз үкіметаралық мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті туралы келісімге өзгерістер ен­гізу туралы хаттамаға сәйкес ор­та­лық мемлекеттік және жер­гілікті атқарушы органдар ше­ше­тін міндеттер де көрсетілген.

Кездесуде екі ел депутаттары шекаралық ынтымақтастықты дамыту туралы заңнаманы жетіл­діру мәселелерін талқылады.

Отырысты қорытындылай келе, Мәжіліс вице-спикері В.Божко Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үс­ті­міздегі жылдың 27 қарашасында Қырғыз Республикасына жаса­ған мемлекеттік сапарының нә­тижелерін ескере отырып, қыр­ғыз тарапымен бірлескен іс-қимыл жасау қажетін атап өтті.

Шу өзені арқылы өтетін «Қа­расу» – Қырғыз Республика­сы­ның «Ақ-Тілек» өткізу бекетте­рінің арасындағы жаңа көпір құрылысы туралы үкіметаралық келісімді жүзеге асыру, сондай-ақ «Бесағаш – автожол» (Қазақстан) және «Кичи-Капка – автожол» (Қырғыз Республикасы) өткізу пункттерінің жұмысын жандан­дыру, сондай-ақ «Кеген-авто­жол» (Қазақстан) мен «Қарқыра-автожол» (Қырғыз Республи­ка­сы) өткізу пункттерінің жұмыс уақытын ұлғайту мәселесінің маңызын атап өтті.

Отырыс барысында Мәжіліс вице-спикері шекара өткізу пунктінің тиімділігін арттыру және шекарадан өту кезінде екі елдің азаматтары үшін қолай­лы жағдай жасау мақсатында осын­дай кездесулерді жалғас­ты­руды ұсынды. Сондай-ақ мұндай проб­лемалық мәселелерді тұрақ­ты түрде парламенттік бақылауда ұстау қажет екені де айтылды.