«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді
«Барыс» өз алаңында ресейлік «Амурды» жеңді
5,117
оқылды
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында «Амур» командасымен кездесті. Бұл кездесуде 3:2 есебімен "Барыс" хоккей клубы жеңді. Қос команда осы маусымда бұған дейін де бір-бірімен үш рет кездескен. Қазақстандық команда екі рет жеңіске жетіп, бір мәрте жеңілген болатын. Екі команда арасындағы соңғы ойын осы айдың басында өтіп, елордалықтар буллит сериясында жеңіске жеткен болатын.  «Барыс» - «Амур» - 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)