Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды
Ауа райына байланысты 8 облыста ескерту жарияланды
5,069
оқылды
Елімізде сегіз облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында 18 қаңтарда түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында 18 қаңтарда тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 18 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.  Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде 18 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында түнде 18 қаңтарда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. 18-20 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тараз қаласында 18-20 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.