Екібастұзда жол апатына түскен 3 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Екібастұзда жол апатына түскен 3 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Екібастұз маңындағы жол апатында үш адам зардап шекті. Жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына 10 минут ішінде жеткен. Екібастұз қалалық ауруханасына үш адам жеткізілді. Жол апаты Екібастұз – Солнечный кенті тас жолында орын алды. "47 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйелде жабық бас миының жарақаттары мен контузия  анықталды. 1984 жылы туған екінші ер адамға кеуде қуысының жарақаты диагнозы қойылған", – дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасында.