Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Ерлан Қарин коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
119
оқылды
Қазақстан Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Карин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.  Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 16 қаңтарда ол қазақстандық вакцинаны екінші рет салдырған.
"Сонымен бүгін QazCovidIn вакцинасы екінші рет егілді. Вакцинацияның талабына сәйкес 21-22 күннен кейін екінші рет егілу керек. Мысалы, қытайлық вакцина 26-28 күннен кейін екінші рет егіледі. Бұл организмдегі иммунитетті күшейту үшін керек. Алдағы үш күнде су тигізбеу керек, спортмен айналысуға болмайды", - деп жазды ол.
Ол бірінші екпеден кейін қандай да бір жағымсыз әсер болмағанын айтты. https://www.facebook.com/karin.erlan/posts/423695168822263