Конкурс
Конкурс
137
оқылды

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2019-2020 оқу жылына профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:


«Жаратылыстану» факультеті бойынша

 

1. «Жаратылыстану мамандықтар» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы (математика, физика) – 2.

2. «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор (доцент) – 3; аға оқытушы (стандарттау және сертификаттау-1, ветеринарлық санитария) – 2; оқытушы (ассистент) – 1.

3. «Ақпаратты-коммуникативтік технологиялар» кафедрасына:

профессор – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы –1.

4. «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) (ауылшаруашылық пәндер) – 1; аға оқытушы (биология – 1, агрономия – 1) – 2.

5. «Туризм, география және тарих» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы (туризм – 1, философия – 2, тарих – 3) – 6; оқытушы (география) – 1.

 

«Білім» факультеті бойынша:

 

1. «Педагогика және психология» кафедрасына:

қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы – 1.

2. «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасына:

кафедра меңгеруші – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы – 2.

3. «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасына:

профессор – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы (бейнелеу өнері және сызу) – 1.

4. «Филология» кафедрасына:

кафедра меңгеруші – 1; аға оқытушы (орыс тілі) – 2; оқытушы (орыс тілі) – 1.

5. «Шетел тілдері» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы (ағылшын тілі) – 3; оқытушы (ассистент) (ағылшын тілі) – 1.

6. «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасына:

      қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы (дене шынықтыру) – 2.      

 

«Экономика және құқық» факультеті бойынша:

 

1. «Құқықтану» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы – 1.

2. «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; оқытушы (ассистент) – 1.

3. «Экономика және басқару» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; профессор – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 2.

4. «Қаржы және есеп» кафедрасына:

кафедра меңгерушісі – 1; қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы – 2.

 

Конкурсқа қатысушы тұлғаларға (біліктілікке) қойылатын талаптар:

 

Кафедра меңгеруші:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылы­ми дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

 

Профессор қызметіне:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауа­­зымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс».

         

Қауымдастырылған профессор (доцент):

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс сала­сын­дағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиіс­ті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл неме­се ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қыз­ме­тінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.

         

Аға оқытушы қызметіне:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

 

Оқытушы (ассистент) қызметіне:

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Барлық конкурсқа қатысушылар білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Рес­публикасындағы тіл туралы» заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құ­қықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педа­го­­гикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студент­тер­ге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіз­де­рін, ең­бек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нор­­маларын.  

        

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар үшін төменде көрсетілген құжаттар тапсырылуы қажет:

 

1. Ректордың атына өтініш;

2. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

3. Өмірбаян;

4. Жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы

дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түп­нұс­қалары;

5. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

6. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);

7. №086 нысанындағы медициналық анықтама;

8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

9. Білім беру бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

10. Наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан тіркеуде тұрмайтыны туралы анықтамасы;

11. Осы жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу немесе еңбек шарты бойынша лауазымды атқару үшін жоғары оқу орны басшысының атына өтініш, мінез­де­месін, егер болған жағдайда ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін береді.

 

Өтініш беру мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде. Құжаттарды қабылдаудың аяқталатын күні – 10.08. 2018 ж.;

уақыты – сағат 17.00.

 

Құжаттар көрсетілген мекенжайда қабылданады:

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №69 б, Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі

тел.: 54-11-24;   ұ.т.: 8 775 808 37 75

 

Ректор Е.САУРЫҚОВ