Ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады
Ғалымдар 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады
Қытай ғалымдары 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады, деп хабарлады South China Morning Post. Мамандар 2020 жылға қарағанда биыл өлім-жітім көрсеткіші жоғары болатынын айтады. Бірқатар зерттеу жүргізген ғалымдар 2021 жылы наурызда 5 миллион адам көз жұмуы мүмкін екенін ескертті. Қазір әлемде коронавирустан 2 миллионға жуық адам қайтыс болған. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ-та коронавирус қатты өршиді. Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирусты жұқтыру 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтқан болатын.