Бұл туралы dimashnews.com жазды. Салтанатты кеште Димаш Құдайберген «Самалтау» әнін орындады.
Дәстүр бойынша іс-шараны Sister Cities International ұйымы өткізді. Биыл пандемияға байланысты іс-шара онлайн режимде өтті. Салтанатты іс-шараға АҚШ теңіз оркестрі, губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, Кэрол Робертсон Лопез және тағы басқалар қатысты.Димаш Құдайберген – АҚШ президентін ұлықтау салтанатында Қазақстаннан өнер көрсеткен тұңғыш әнші.
Ол Sister Cities International ұжымына инаугурация апталығына шақырғаны үшін алғыс айтты.