Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада чемпиондарымен бірге Этери Тутберидзенің шоуына қатысады
Элизабет Тұрсынбаева Олимпиада чемпиондарымен бірге Этери Тутберидзенің шоуына қатысады
146
оқылды

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушының шоу бағдарламасында өнер көрсетеді.

Комитет Элизабет Тұрсынбаеваның Этери Тутберидзенің шоуына қатысатын спортшылар қатарына енгені мақтаныш екенін атап өтті.

2020 жылдың 3 сәуірі күні Пермь қаласында басталатын шоуда Тұрсынбаевадан бөлек, Олимпиада чемпионы Алина Загитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щербакова, Камила Валиевалар өнер көрсетеді. Сонымен қатар, ресейлік жұлдыздар Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицына, Никита Кацалаповар да мұзайдында таңғажайып шоу көрсетеді.