Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді
Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді
177
оқылды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысы өтеді.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылдың 12 маусымда Президент Жарлығымен құрылған болатын. Ал 6 қыркүйекте елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткен еді.

Алғашқы жиында халыққа қалтқысыз қызмет ету мәселелері талқыланған болатын.  Кеңестің алғашқы отырысын қорытындылаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құр ұрандатпай нақты жұмыс жасау қажеттігін айтқан болатын.

«Жалпы, Ұлттық кеңес мүшелерінің интеллектуалдық деңгейі өте жоғары. Сондықтан бүгін өте тиімді, қызықты ұсыныстарды тыңдадық. Бұл ұсыныстарды жалпы мен қолдаймын. Келешекте амандық болса бәріміз бір ұжым болып іске асырамыз деп ойлаймын. Біздің ең құнды мақсат-міндет, ұғым – бұл еліміз, мемлекеттілік. Бәріміз Отанымызды сүйеміз. Бірақ, жай ұрандар тастамай, нақты қадамдарымызды жасауымыз керек», — деген еді Мемлекет басшысы.

Жалпы, Ұлттық кеңестің құрамында белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдері бар.