Қазақстан интернеті ең арзан ТОП-5 елдің қатарына кірді
Қазақстан интернеті ең арзан ТОП-5 елдің қатарына кірді
133
оқылды

Ranking сарапшыларының зерттеуінше, Қазақстанда биыл интернетте 2,5 миллион абонент тіркелген.

Бірақ бұл былтырмен салыстырғанда 1,8 процентке аз. Абоненттердің 98 пайызы жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетті пайдаланады. Тіркелген абоненттерді 100 адамға шаққанда былтыр — 14, биыл 13 бірлікке дейін төмендеді.

«Тіркелген абоненттер санының азаю себебі — абоненттердің интернетті пайдалану арқылы ұялы байланысқа біртіндеп көшуі. Осылайша, желтоқсан айында елде интернеті бар 15,2 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Былтырмен салыстырғанда бұл 7,5 процентке көп» делінген зерттеуде. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы интернеттің жылдамдығы баяу. Әлемде 176 елінің ішінде 67-орында. Дүниежүзінде интернет жылдамдығы ең жоғары ел — Сингапур (секундына 193,2 Мбит). Екінші — Оңтүстік Корея, үшінші орынды Гонконг алады.

Дегенмен, «Қазақстандағы интернеттің құны — әлемдегі ең арзан елдің бірі. Picodi.com порталының мәліметтері бойынша, интернет жылдамдығы 70 с/Мбит дейін танымал қазақстандық ресурстарға шығатын жылдамдық 100 с/Мбитке дейін абоненттік төлем айына 5 999 теңге, трафигі шектеусіз. Ең жиі зерттелген елдердің көпшілігінде ұсынылатын жылдамдық (62-ден 55-і) - 100 с/Мбит. Интернетке қосылудың мұндай жылдамдығы бірнеше құрылғыларда бір уақытта сайттарды еркін қарауға және стриминг сервистерін ең жақсы сапада — 4K (UHD) пайдалануға мүмкіндік береді. Осы себепті 100 с/Мбит жылдамдығы одан әрі зерттеу үшін алынған» делінген зерттеуде.