Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Miras аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Отырысқа Miras аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, партия белсенділері, Jas Otan жастар қанатының мүшелері қатысып, таяуда ғана өткен сайлау бойынша пікір алмасты.

Отырысты Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Мұратәлі Қалмұратов жүргізді.    width= Сондай-ақ, қоғам қайраткері Шерім Медеуов, Miras аймақтық қоғамдық кеңес мүшесі Ұлықпан Башенов күн тәртібіндегі мәселелер аясында пікір білдірді. Қатысушылар сайлау науқанының әділ әрі сапалы өткенін қоштап, биыл  қоғамдық кеңес тарапынан үлкен жұмыстар атқарылатынын да айтып өтті. Ал, қоғамдық кеңес төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы 2021 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, Шымкент қаласындағы қоғамдық-саяси, мерекелік және атаулы даталарға арналған іс-шараларға белсене қатысуға шақырды. Себебі, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы.    width= Сондай-ақ,   қазақ халқының ақыны, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың  175 жылдығы, Халық әртісі, композитор Латиф Хамидидің 115 жылдығы, Халық ағартушысы, жазушы, ақын Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы, Алаш кайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы атап өтіледі.  Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі Miras қоғамдық кеңесінің мүшелері бұл айтулы даталарды жоғары деңгейде мерекелеу  және өткізуге дайын, –деді төраға. Жастарымызды рухани сауатты етіп, өз өлкесінің тарихи жерлерімен танысу үшін тарихи мекендерге экспедициялар да жоспарлануда екен. Бұл атқарылатын  жұмыстың жартысы ғана.Сондай-ақ, былтырғы іс-шаралар жаңа форматқа ауысып, өз аудиториясын кеңейту де көзделуде. Бұл жайында Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Зәуре Оралбаева: «Тәрбиелік мәні зор іс-шаралардың форматын жаңартып отыру оған қызығушылардың санын көбейтіп, сапасын арттырады.  Мысалы, былтыр өткен «Кітап Fest» биыл өз аудиториясына жаңащылдықпен жол тарту керек. Сонда ілгері даму болады»,  – деген пікір білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, оған аталған ұсыныс-тілектер толық дерлік  енгізілді. Нақты жұмыс жоспары  бекітіліп, оған Miras аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері білек сыбана кірісіп кетті.