Енді Мұхтар Тілеуберді екі қызметті қатар атқарады.
Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Түркістан облысы Ақсукент ауылында туған. 1990-1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді. 1993-1996 жылдары атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы; 1996-1999 жылдары Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы; 1999-2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы; 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі; 2001-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі елшілігінің кеңесшісі; 2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған; 2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі; 2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін - Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі; 2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы елшісі болып аккредиттелді. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.