Елбасы Еуразия экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысады
Елбасы Еуразия экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысады
124
оқылды

Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында: «Маған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург қаласында өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың бейресми саммитіне қатысу-қатыспауына байланысты сұрақтар келіп түсуде. Осыған орай аталған саммитке еліміздің атынан Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын хабарлаймын. Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, Мемлекет басшысы мен Елбасы шет елге бірге сапарға шықпайды. Елбасы тиісті құжаттарды талқылау барысында өз пікірін айтуға құқылы. Құжаттарға қол қою құзыреті Президентке тиесілі», — деп жазды.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысына қатысуды жоспарлап отыр.