Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды
Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды
382
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. Үкімет басшысы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, сондай-ақ бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Жаңа ұлттық экономика министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Әсет Ерғалиевтің жоғары кәсібилігі мен құзыреттілігін атап өтті. Түрлі жылдары ол Еуропа қайта құру және даму банкінде аймақтық бас сарапшы, Премьер-Министрдің кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.   [caption id="attachment_104184" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: primeminister.kz[/caption] Осы уақытқа дейін ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Жаңа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін таныстыра отырып, Асқар Мамин Серік Шапкеновтің Батыс Қазақстан және Атырау облыстары әкімдерінің бірінші орынбасары ретіндегі үлкен тәжірибесін атап өтті. Осы уақытқа дейін С. Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа саясатын іске асыру бойынша алдымызға маңызды міндеттер қойды. Олар экономикалық даму сапасын арттыруға, экономиканың өзіндік жеткіліктілігіне, салық саясатын жетілдіруге, инвестициялар тартуға және экспортты дамытуға бағытталған құрылымдық реформаларды жүргізуді қамтиды», – деді Асқар Мамин.