Ақтөбеде білім ордасына "Мектеп жарылады" деген жалған хабарлама түсті
Ақтөбеде білім ордасына "Мектеп жарылады" деген жалған хабарлама түсті
127
оқылды
Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына білім ордасында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама түсті. «Барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына шықты. Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен өзге де қызметкерлер эвакуацияланды. Барлығы 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы бөлімше саперлері ғимараттағы жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс-шараны жалғастырып жатыр.