Қостанайға әуе билеті – 5999 теңге
Қостанайға әуе билеті – 5999 теңге
119
оқылды

FlyArystan-ның Нұр-Сұлтан-Қостанай бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылды.

Жалпы Airbus 320 әуе ұшағына 180 адам емін-еркі сыяды. Билет бағасы да қол жетімді. Небары 5999 теңгеден басталады.

Обылыс әкімі Архимед Мұқамбетов Нұр-Сұлтан бағытынан Қостанай бағытына FlyArystan-ның алғашқы рейсін салтанатты түрде қала жұртшылығымен бірге күтіп алды.


WhatsApp Image 2019-12-20 at 10.14.52.jpeg

— FlyArystan бюджеттік әуе компания екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстандағы ең үлкен әуе компаниясы — AirAstana. Қостанай қаласы тұрғындары атынан AirAstana басшылығына зор алғысымды білдіремін, —деді облыс әкімі.

Сонымен қатар FlyArystan-ның билет сату жөніндегі менеджері Жанар Жайлауова алдағы уақытта басқа қалаларға да әуе рейсі ашылатынын айтты.

— Ол үшін облыс әкімдіктері және AirAstana компаниясынан қолдау керек, — деді Жанар Жайлауова.

 Дархан БАЙТІЛЕС