Автобус пен машина соқтығысып, үш әйел қайтыс болды
Автобус пен машина соқтығысып, үш әйел қайтыс болды
134
оқылды

«Территория происшествий» бағдарламасының хабарлауынша, Алматыда Боралдай тасжолында жеңіл көлік автобуспен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан үш жолаушы әйел қайтыс болды.

Дереккөздің мәліметінше, жол апаты Водник ауылының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Renault жүргізушісі батыс бағытта келе жатқан. Трудовик ауылына жақындағанда қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан №15 бағыттағы автобуспен соқтығысып, автобус өзен жаққа қарай ұшып кете жаздаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш әйел (1960, 1978 және 1988 жылғы) жедел жәрдем көлігі келгенше оқиға орнында қаза тапқан. Renault көлігінің тағы бір жолаушысы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Тергеу жалғасып жатыр.