Бүгінге дейін жалпы сомасы 190 988 725 теңге болатын 1016 әкімшілік айыппұл өтелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Елорадада өткен жылдың екінші жартыжылдығында мониторинг топтары карантиндік шараларды сақтау бойынша 5000-нан астам рейд жүргізілген. 2020 жылдың 9 қазанынан бастап осы жылдың 17 қаңтарына дейін аралау барысында 1309 бұзушылық анықталды. Оның ішінде: Алматы ауданы бойынша – 347, Байқоңыр ауданы бойынша — 273, Есіл ауданы бойынша — 398, Сарыарқа ауданы бойынша — 291. Елордалық әкімшілік соттың шешімімен бірқатар мекеменің қызметі тоқтатылды. Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне карантинді бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты 2 484 материал келіп түскен, олар бойынша 1224 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 239 633 450 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі күні 190 988 725 теңгеге 1016 әкімшілік айыппұл өтелді.