Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің мәліметінше, жаңа пәтерлер Атырау қаласындағы «Береке» шағынауданында салынып жатқан 9 көпқабатты үйден беріледі. Жаңа тұрғын үйлерді көктемде пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. «Биыл пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңы - 47 530 шаршы метр. Қазір «Запад строй ЕРС» ЖШС тұрғын үй құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда», – дейді Мерей Жантөреев.