Хаттар мен жеделхаттар
Хаттар мен жеделхаттар

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Пар­ламент Мәжілісі сайлауындағы «Nur Otan» партиясының жеңісіне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті.

Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоған өз же­­дел­хатында күллі Түркия хал­қы­ның атынан Елбасын Пар­ла­мент сайлауындағы «Nur Otan» пар­тия­сы­ның жеңісімен құт­тық­­тап, бауыр­­лас Қазақстан хал­қы­ның өсіп-өркендей бе­руіне тілек­тестік білдірді. Өзбекстан Республика­сы­ның президенті Шавкат Мирзиёев өткен сайлаудың қоры­тындысы «Nur Otan» партиясы Қазақстан хал­қының жаппай қолдауына ие және елдегі жетекші саяси күш екенін тағы бір мәрте дәлел­дегенін атап өтті. «Жаңа құрамдағы Пар­ламент достас Қазақстан хал­қының әл-ауқатын арттыруға, ауқымды ре­фор­малар мен жа­сампаз жұ­мысты тұрақты түрде жалғас­тыру­ға, сон­дай-ақ ха­лық­аралық аренада Сіздің еліңіз­дің беделі мен имид­жін ны­ғайтуға қызмет етеді деген сенім­демін» делінген Ш.Мир­зиёевтің жедел­хатында. Әзербайжан Республи­ка­сының президенті Ильхам Әлиев­тің жеделхатында Қа­зақ­стан­ның дамуы «Nur Otan» пар­тия­сының қызметімен тығыз байланысты екені айтылған. «Партия құрылған күннен бастап Қазақстан мемлекеті мен халқына абыроймен қызмет етіп келді. Өзіңіз басқарып отырған партияның жеңісі Қазақстанның өркендеуі жолында жүргізіп отырған жалпыұлттық саясат пен көпжоспарлы қызметке берген жоғары баға және халық­тың Сізге деген сенімін көрсетіп отыр» деп жазады И.Әлиев. Сондай-ақ Сербия прези­денті Александр Вучичтен де құттықтау жеделхаты келіп түсті. «Парламент сайлауында Сіз­дің партияңыз­дың жеңіске жетуі­мен шын жүректен құт­тықтай­мын. Халықтың үлкен қолдауы Қазақстанның дұрыс бағытта – даму мен өркендеу жолында келе жатқанының дә­лелі екеніне сенімдімін» делін­ген жеделхатта. Сонымен бірге Мажарс­тан­ның премьер-министрі Виктор Орбан мен Хорватия Респуб­ликасының бұрынғы президенті Степан Месичтің Елбасына жолдаған хаттарында да жылы лебіздер айтылған.