Өтініштер қараусыз қалмайды
Өтініштер қараусыз қалмайды
107
оқылды

Өздеріңізге мәлім, 10 қаң­­тар күні Парламент Мә­жілісі мен барлық дең­гей­дегі мәслихаттар депу­тат­­тығына сайлау өтіп, өз мәресіне жетті. «Nur Otan» пар­­тиясы рес­публика бо­йын­­ша қатыс­қан элек­торат­тың 71,09% немесе 5 148 074 аза­мат­тың дауысы­на ие бо­лып, Парламент Мәжі­лі­сінде 76 депутаттық ман­дат­қа ие болды.

Ал Жетісу өңірінде «Nur Otan» партиясы 716 379 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 72,41%-ына ие болып, облыстық мәслихатта 37 депутаттық ман­дат бөлінді. «Nur Otan» пар­тиясы Алматы облыстық сай­лауалды штабы қоғамдық қа­былдау бөлмесінің сайлау нау­қаны кезеңінде атқарған жұ­мыстары, ұсыныс аманаттардың жиналуы бойынша ақпарат жарияланды. Үгіт-насихат жұмыстары «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл пар­тияның алдағы 5 жылға арналған нақты жұмыс жоспары болмақ. Үгіт-насихат науқанының басты қағидасы адамдармен тікелей және шынайы диалог орнату болды. Атап өтетіні, биылғы сай­лауда тек «Nur Otan» партия­сын­да өңірлік және аудан-қалалық сайлауалды бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобасы жетісу­лық­тар арасында кеңінен талқыға түсіп, праймериз кезеңінде 1 012 ұсыныс түсті. Оның ішінде 81%-ы сайлауалды бағдарлама­ның жобасында қарастырылған. Партияның сайлауалды шта­бының қоғамдық қабылдау бөлмелері 2020 жылғы 11 жел­тоқсаннан бастап 2021 жылғы 8 қаңтарға дейін жұмыс атқарды. Жалпы, науқан кезеңінде 777 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 3 455 азамат қабылданған. 707 қабылдауды партиядан партия­лық тізімге енгізілген канди­даттар өткізсе, 70 қабылдауды партияның сенім білдірілген азаматтары өткізді. Штабалды қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы 4 783 өтініш түскен, оның ішінде 36 өтініш жазбаша болса, Сall орталыққа 194 азамат хабарласып, өтініш білдірген. Электоралды науқан кезеңінде 1 778 аманат түскен. Түскен ұсыныс аманаттары саны мен саласы бойынша төмендегідей: ауылшаруашылық саласы бойынша – 33, тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, елді мекендердің инфрақұрылымы жайлы – 929, тұрғын-үй, жер те­лімін беру, құжаттарды рә­сімдеу – 122, банк және кредит­тік ұйым жұмыстары жайлы – 27, азаматтардың құжатын тіркеу мен рәсімдеу – 13, ден­саулық сақ­­­тау саласы – 94, білім саласы – 113, ұсыныстар – 13, әлеумет­тік сұ­рақтар – 409, еңбек қаты­нас­тары жайлы – 25. Өтініштің барлығы қараусыз қалмайды. Облыстық-аумақтық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолданып, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды. Олардың бәрі пар­тия филиалдарының бақылауына алынды.

Ә білмансұр ЖАСАН