Жаңа Үкіметтің құрамын бекітті
Жаңа Үкіметтің құрамын бекітті

Мәжіліс комитетінде Премьер-Министрдің орынбасарлары мен министрлерді тағайындау үшін кандидатураларды келісу бойынша кеңес өтті. Атап айтқанда, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті мүшелеріне Үкімет басшысының бірінші орынбасары лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы таныстырылды.

Ал вице-премьерлер қызметі­не ұсынылған Роман Склярдың және Ералы Тоғжановтың кан­дидатуралары Мәжі­лістің Эко­но­­­микалық реформа және өңір­лік даму комитеті мен Әлеу­мет­тік-мәдени даму ко­ми­тетінің  қарауына ұсы­нылды. Үміткерлер депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, VII ша­қырылымдағы Парла­менттің I сес­сиясының ашы­луында Пре­­­зидент қойған міндеттерді іске асыру жолындағы басым­дық­тарын, сондай-ақ жетекшілік ете­­тін бағыты бойынша жұмысты одан әрі ұйымдастыру тәсілін баяндады. Әлихан Смайыловқа салық міндеттемелерін орындауды жеңіл­детуге, салықтар мен тө­­лем­дер түрлерінің санын азай­туға, бюджеттің мұнайлық емес тап­шылығының мөлшерін тө­­­мен­детуге және жаңа салық сая­­­сатына қатысты басқа да сұрақ қойылды. Мәжіліс депутаттары минис­трліктердің басшы­лары лауазы­мына алғаш рет үміткер канди­даттарды сұрақтың астына алды. Мәселен, Ұлттық экономика ми­нистрі болған Әсет Ерғалиевтің кандидатурасын кеңесу кезінде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, өңірлердегі бюджетаралық қатынастардың тиімді жұмыс істеуі туралы мә­­­селелер көтерілді. Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі лауазы­мына ұсынылған Серік Шәпке­новке де сауалдар қарша борады. Олар зейнетақы жүйесін дамытуға, ең төменгі базалық әлеуметтік стандартты жетілдіруге, еңбек на­рығындағы сұранысқа ие ма­­­ман­­дықтар қажеттілігін болжау әдіс­­темесіне және басқасына қатысты болды. Депутаттар, сондай-ақ қол­­даныстағы барлық бағдарламаны аяғына дейін жеткізудің, елдің дағ­­­дарыстан кейінгі дамуы үшін са­бақтастықты қам­­тамасыз етудің маңызын атап өтті. Отырыс соңын­­да кандидаттарды аталған лауазымдарға тағайындау үшін ұсыну туралы комитеттің қоры­тындысы қа­­­былданды.

Елдос СЕНБАЙ