16 қаңтар, яғни сенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы «Тамыз» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына «бомба қойылғаны» туралы хабарлама жетеді.
Тіпті, арнайы бейнематериалдар тарап, онда «бомба келесі кіреберіске қойылды. Барлығы эвакуацияланды. Бір террорист ұсталды, қалғаны табылмады. Бүкіл аула полицейлерге толы болды. Кіреберістің бәрі жабылды. Мұндай жағдай соңғы 10 жылда болған емес» деген дауыстар естіледі. Кейінірек белгілі болғандай, «Тамыз» тұрғын үй кешеніндегі тұрғындарды эвакуациялауға жарылғаш зат туралы телефон хабарламасы себеп болған. Бастысы, ақпарат жалған болып шықты. Бомба табылған жоқ. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 16 қаңтарда сағат 22.03-те 102-ге «тұрғын үй кешендерінің біріне бомба қойылды» деген хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері шамамен 60 адамды эвакуациялады, жарылғыш зат табылған жоқ. «Күдікті ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша, ол ішімдік ішіп алған. Мас күйінде болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.Гүл БЕКЗАТ