2 525 сайлаушы ұсынысын жолдады
2 525 сайлаушы ұсынысын жолдады
156
оқылды

Сайлау процесі және үгіт-насихат кезінде «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабтарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 2 525 ұсынысы мен өтініші келіп түсті.

Олардың әрқайсысы әртүрлі мәселе бойынша көмекке жүгінген. Атап айтқанда, әлеуметтік қамсыз­дан­дыру – 25,5%, ТҮКШ – 13,6%, тұрғын үй және жер учаскелерін бөлу – 11,5%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары – 0,4%, денсаулық сақтау – 5,2%, білім беру – 11,4%, банктер мен банк ұйымдарының қызметі – 3,6%, кә­сіпкерлік – 3,1%, сот және құқық қор­ғау қызметі – 2,9%, агроөнеркәсіптік кешен – 1,4%, халықты құжаттандыру және тіркеу – 1%. Сондай-ақ қабылдау бөлмелеріне келіп түскен ұсыныстар мен шағымдардың 20%-ы өзге де мәселерді қамтыды. Талдау қорытындылары бойынша 1 717 ұсыныс (68%) сайлау алдындағы бағдарламаға енгізілген, 51 шағым жер­гілікті атқарушы органдармен бірлесіп одан әрі қарау үшін бақылауға алынған. Ал 149 ұсыныс қолданыстағы заңна­маны өзгерту мәселелеріне қатысты бол­ды. Қалған азаматтардың 349 ұсы­нысында (14%) партия саясатын қол­дау мен алғыс сөздер жазылған.

Әбілмансұр ЖАСАН