Халықтан биік тұрған ешкім жоқ — Тоқаев
Халықтан биік тұрған ешкім жоқ — Тоқаев
185
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар проблеманы айтты, — деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жария еттім. Мұны жақсы білесіздер. Біз өз қызметімізде ең алдымен қарапайым азаматтардың сұранысы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуымыз керек. Халықтан жоғары және халықтан биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ», — деді Президент.

Ол Ұлттық кеңес бірінші кезекте қоғамдық диалог пен сенім алаңы ретінде құрылғанын атап өтті.

«Біз осы сенімді ақтауға тиіспіз. Әрине, азаматтарды алаңдатқан түйткілді мәселенің бәрін біреше айдың ішінде шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен бірқатар мәселе бойынша алға ілгеріліп, шұғыл шешімдер қолдандық. Жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның қарқынын бәсеңдетпейміз», — деді Мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ жерді пайдалануға қатысты мәселені де айтты.

«Жақында Ақмола облысына жасаған сапарымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану жайына назар аудардым. Бұл бағытта менің ұстанымым бекем: жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.