Бөлінген ақшаны жымқырған кім?
Бөлінген ақшаны жымқырған кім?
110
оқылды

Алматыда модульді жұқ­палы аурулар ауруханасына бөлінген қаражатты жым­­қыру ісі  бойынша сотқа дейін­гі тергеу жүріп жатыр. Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аталған факт бойын­ша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Департамент 2021 жылы 16 қаңтарда Қыл­мыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тар­мағы бойынша Алматыда корона­вирус инфек­циясын азайту шараларын күшейту үшін 280 төсек-орындық модульді жұқ­­палы аурулар ауру­ханасын салу кезінде бюджет қа­ра­­жатын жым­­­­­­­қыру дерегі бойын­­ша  сотқа дейінгі тергеуді бас­­тады. Тергеу амалдары жүр­гізіліп жатыр. Сотқа дейінгі іске қатысты мә­­­ліметтер жария ету­ге жат­пайды» деп хабарлады депар­таменттің баспасөз қыз­меті.

Г.БЕКЗАТ