Алматыда модульді жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген қаражатты жымқыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Департамент 2021 жылы 16 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын азайту шараларын күшейту үшін 280 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасын салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі іске қатысты мәліметтер жария етуге жатпайды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Г.БЕКЗАТ