Орал жастары қысқы спорттық шараға қатысты
Орал жастары қысқы спорттық шараға қатысты
174
оқылды

Орал қалалық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуы­мен «Орал жастары» атты қысқы спорттық фестиваль өтті. Аталған шараны ұйымдастыруға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы, «Jas Otan» Жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы, Орал қаласының әкімдігі, Орал қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі, «Атамекен» туризм орталығы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ атсалысты.

Қаладағы «Атамекен» туристік орта­лығында өткен шараға қатысу­шылардың қарасы көп болды. Фес­тивальдың ашылу салтанаты мем­лекеттік Әнұранмен басталды. Айта кетейік, 2025 жылға дейінгі  «Жастар – Отанға!» бағдар­ламасы Орал қаласы жастарының тұлғалық дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-ша­ра­лармен жалғасуда. Осы ретте жол картасы аясында жыл сайын қала жастарының бұқаралық спорт түрлерімен және денешынықтырумен кем дегенде 30 пайыз қамтылуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ел ішінде бейбітшілікті сақ­тайтын өскелең, саламатты ұрпақты қалыптастыру мақсатында ұйым­дастырылған фестиваль спорттық ойынмен жалғасты. 12 команда 3 кезең бойынша сынға түсті. Іс-ша­ра соңында жарыс жеңімпаздары ес­телік сыйлықтармен марапатталды.

Әбілмансұр ЖАСАН