Әйгілі «Поле чудес» телеойынында «Сарыжайлау» әні шырқалды.
15 қаңтарда телеойынның кезекті шығарылымы шығып, оған Саратов облысы Пугачевский ауданының тұрғыны Альбина Сейтқалиева қатысқан. Ойында 12 жастағы Эльвира Газизуллина Сейтқалиеваның атынан шығып, көрермендерге ән шашуын арнады. Ол Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Сарыжайлау» әнін орындады.Р.МІНӘП