Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды. Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері BARRELL жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кесті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес шығын – 4,3 млн теңге. Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.А. БЕКТҰР