Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Бейнетінің зейнетін көрмей жүр

«Айқын» ақпарат
Қаңтар 19, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
зейнет
238
қаралым

Қазақстанда 2020 жылы зейнетақыға 2,5 триллион тең­ге төленді. Яғни, бүкіл бюд­­жеттің 25%-на жуығы тек зей­неткерлерді қамсыз­дан­­дыруға жұмсалды. Алай­да бәрібір зейнетақы былай тарт­са, былай жетпейтін кел­те кө­р­­­пені елестетеді. Ел­де­гі ор­та­ша зейнетақының өзі 100 мың теңгеге де жуы­май­­ды екен, яғни 200 дол­лар­дан ша­малы асады. Ал біз көз тік­кен дамыған ел­дер­де қа­риялар зейнет жа­сын­да әлем­ді аралап, жаһан­­дағы жақ­сы ку­рорт­тарда демалып, жан рақатына батады.

Зейнеткер тұрмысы неге құлдырауда?

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтырғы жылғы қаңтар-желтоқсан айларында рес­публикалық бюджеттен базалық зейнетақыға – 772,3 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 721,5 млрд теңге шы­ғын­далыпты. Бұл ретте желтоқсан айында ғана бюджеттен зейнетақы төлемдері­не – 211,7 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 65,6 млрд, ынтымақты зей­нетақыны төлеуге 146,1 млрд теңге бағытталды.

Жалпы, 2021 жылғы қаңтар­дағы жағдай бойын­ша Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 мил­лион 247 мың адамнан асады.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Осылайша, егер қазақстандықтың зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл не одан аз болса, сондай-ақ мүлдем «стажы» жоқ болса, онда базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын ғана құрайды. Содан кейінгі 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері небәрі 2%-ға артады. Мысалы, егер қатысу өтілі 20 жыл болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ына, 30 жыл үшін күнкөріс шегінің 94%-ына тең болады. Жұмыс өтілі 33 жыл және одан көп болса, күнкөріс мини­мумының 100%-ы мөл­ше­рінде белгіленеді.

Зейнетақы реформасы: заманауи жүйеге өтуде де көш бастадық

Ұлттық қор – қауіпсіздік кепілі

Қазақстанда баспана мәселесі әлі де өзекті – Тоқаев

Басқаша айтқанда, күнкөріс шегі деңгейінде базалық зей­нетақы алу үшін ең кемі 33 жыл жаныңды жалдап, еңбек етуге тиіссің. Әйтпесе, жағ­дайың күн­көріс шегінен де нашар болады деген сөз.

Сонымен бірге жыл сайын құнсызданған ұлттық валюта да зейнеткерлердің тұрмысын тоқ­таусыз құлдыратуда.

Зейнетақы жинақтау жүйесіне жалақысынан жарна аударып тұрған зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан да шамалы тиын-тебен жол­да­нады. Алайда бұл қордағы ақшаны инфляция «жеуде»: мы­салы, БЖЗҚ-ның салым­шыларға қоса алған ең жоғары инвести­циялық табысы 2020 жыл қоры­­тын­ды­сында 10% болыпты. Әйт­кенмен, өткен жылы инфляция 7,3%-ға жетті. Яғни, қордағы қазақ­стан­дықтардың нақты та­бысы 3 пайыз­ға да жетпейді. Оның үстіне, бұл – ең жоғары ин­­­весткіріс. Кейбір азаматтар жи­нақтарының, кері­сінше азайып қалғанына шағым­дануда.

«2019 жыл қорытындысында БЖЗҚ-дағы жинағымда 2 мил­­лион 378 мың теңге ақша болған. Ал 2020 жыл қорытындысында онда небәрі 1 млн 912 мың қа­лып­­ты. Қор жинақтарымыздың өсімін қамтамасыз етеді деді емес пе? Онда бұл не?! 466 мыңдай тең­геге кеміп кеткен. Біздің зей­нет­­­­­ақы жинағымыз қайда кету­де?» – дейді Галина Крюк.

БЖЗҚ азаматтардың жинақ­тарын алтынға, валютаға, ак­ция­­­ларға салады. Мысалы, дұрыс бол­­­­жай алмай, әлдебір өнімсіз ком­­­­па­нияның акциясына ақша құюы мүмкін. Кейін ол акциялар құн­сызданса, тиісінше кейбір қа­зақ­стандықтың жинағы азайып шы­­­ға келетін көрінеді. Қордың түсініктемесі осыған саяды.

Озық елдің үлгісі не дейді?

Дамыған елдердің 30-дығына ұмтылып отырғандықтан, со­лардың үлгісіне көз жүгірте ке­телік. Ол мемлекеттердің зей­нет­керлері негізінен жақсы өмір сүре­тіні аңыз емес, шындық. Осы тұр­ғыдан алғанда, «жас шағыңда – бейнетің, қартайғанда – зейнетің» дегенді қазақтың емес, солардың мәтелі десек жарасады. Бірден айта кетелік, олардың көпші­лігінде зейнет­керлер аста-төк ақша алмайды. Онда қариялары қалайша шалқып өмір сүреді?

Еуроодақ лидері Германияда әйелдер орташа есеппен 630 еуро, ерлер 1 080 еуро зейнетақы алады. Орташа зейнетақы – 770 еуро.

Ұлыбританияда зейнетақы айына емес, апта сайын беріледі. Жасы келген адам үшін бұл – өте әділетті. Сонымен, британ­дық­тарға орташа есеппен аптасына 125 фунт базалық зейнетақы бе­ріледі. Оны алу құқығына ие болу үшін азамат елде кем дегенде 10 жыл еңбек етуі шарт. Егер ол жеке қаржы институттарының біріне зейнетақы жарнасын ауда­рып отырса, онда одан алатын зей­не­­тақысының ай сайынғы көле­мін өзі анықтайды. Мұнда еш­қандай шектеу белгіленбеген.

Дания – әлемдегі ең көп зей­нетақы төлейтін ел, орташа есеп­пен 2 800 доллар. Бұл елде өмір сүру ұзақтығы 80 жасты құрады. Даниялықтар 65-67 жас­та зейнет­керлікке шығады. Деген­­мен соған дейін олар біраз тер төгіп, мем­­лекетке көп салық тө­­лей­­­­ді. Өйт­кені қартайғанда өзін мемлекеттің асырайтынына то­лық сенімді.

Францияда да әйелдер – 65, еркектер 67 жаста зейнеткер атана алады. Француздардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен – 80 жас. Елдегі зейнетақының орташа мөлшері – 1 400 еуро.

зейнет

Жапонияда зейнеткер орташа 1 700 доллардай зейнетақыға қол жеткізеді. «Күншығыс елінде» ер­лер де, әйелдер де 65 жаста зей­­неткер мәртебесін алады. Бірақ азамат ертерек, 60 жаста зейнет­керлікке кеткісі келсе, заңда бұған рұқсат етілген: тек зейнетақысы 25%-ға кемиді.

Дамыған елдерде қарттардың алатыны азық-түлікке, комму­налдық қызметтерге, киім-ке­­­шек­ке, күнделікті тіршілікке ар­­тығы­мен жетеді. Сондай-ақ олар жас кезде уақыты жетпеген жоба­ларын жүзеге асырып, хоббиімен айна­лысады, төрткүл дүниенің әр бұ­рышына саяхаттайды.

Егер табысы жетпей жатса, мемлекет көмекке келеді. Мы­­салы, Еуропа елдерінде зейнет­­­керлерге дәрі-дәрмек тегін тара­ты­лады, дәрігердің рецептісін көрсетсе болғаны. Маман­дан­дырылған медициналық орта­лықтар, үйдегі күтім, бағасы ар­зандатылған пансионаттар, сауық­­­­­тыру және демалыс орын­дары қарастырылған. Шетелге сапар­лағысы келсе, мемлекеттің субси­диялауымен турагенттіктер жеңіл­детілген жолдама береді. Бұдан бөлек, қалалық көлікте жүру тегін.

Мысалы, Испанияда зейнет­керлер ісімен айналысатын Ин­серсо мекемесі қариялар үшін арзан бағаға экскурсияларды, ел ішінде және шетелге туристік саяхаттарын, курорттардағы де­малысын, музейлер мен мәдени меке­­­мелерге баруын ұйым­дас­тырады.

Осы арқылы мемлекет егде жастағы азаматтарының әлеу­­­мет­тік белсенділігін қолдайды. Бұл қариялардың денсаулығына игі әсер етеді, бойына қуат, жүзіне қан жүгіртеді.

Әупірімдеп күн көруде

Қазақстанда зейнеткерлер өздерін базары тарқаған, базардан қайтқан, өмірінен өлімі жақын қалған жан ретінде сезінеді. Тіпті, қазақстандық өлшеммен алғанда жоғары зейнетақыға ие адам­­дардың өзі онысы жыртықты жамауға жетпейтініне шағым­данады. Ішкі істер органдарының зейнеткері Еркеш ағай ай сайын 170 мың теңгедей зейнетақы алып жүр. БЖЗҚ-да 4 миллионға жуық жинағы да бар.

«1998-2017 жылдар аралығында жинақтаушы жүйенің қатысушысы болдым. Осы 20 жылға жуық уақыт ішінде ішкі істер органдары қыз­меткерлері жалақысының 20% көлемінде зейнетақы жарнасы аударылып тұрды. Ал қарапайым зейнеткерлердің жинақтары бұдан әлдеқайда аз екені белгілі. Соның өзінде бірнеше рет тұтынушылық несие алуыма тура келді. Мысалы, қызымды баспанамен қамту, оның Германиядағы 6 айлық оқуының ақысын төлеу, көлік сатып алу үшін банк қызметіне жүгінуге мәж­бүр болдым. Бүгінде 10 мил­лион теңгеден астам қарызым бар. Егер мемлекет БЖЗҚ-дағы жинағ­ым есебінен осы берешегімді өтеу­ге рұқсат етсе, өмірім біраз жеңіл­дер еді», – дейді ол.

Қазақстанда ең төменгі зей­нетақы мөлшері былтырғы 40 441 теңгеден 2021 жылы 43 272 теңгеге дейін өсті. «Ең төменгі» деген сөз одан төмені жоқ дегенді білдірсе ке­­рек. Бірақ одан да аз алатындар бар. Соның бірі – Тараз қаласының тұрғыны Гүлсағат ана. «Ең төменгі зейнетақы 43 мыңнан асады деп естігенмін. Алайда маған тек 25 мың теңге төленеді. Неге екенін білмеймін», – дейді ол.

Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бір­жан Нұрымбетовтің түсін­ді­руінше, кейбір кісілердің жұмыс өтілі аз болуы мүмкін. Ондай жағдайда базалық зейнетақысы күнкөріс шегінің небәрі жар­тысын, яғни 54%-ын ғана құрамақ. Зейнетақы көлеміне, сонымен қатар азаматтың зейнетке шығар алдындағы жалақысының көлемі де қатты әсер етеді. Ал зейнеталды жастағы азаматтардың біразы жұмыссыз, не ең аз жалақылы жұ­мысты қанағат тұтуға мәжбүр. Содан қолына тым төмен зей­нетақы тиеді.

«Гүлсағат Ш.-ның құжаттарын талдау көрсеткендей, ол кісінің 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ең­бек өтілі 3 жыл 2 ай екен. Сон­дықтан толық емес көлемдегі зей­нетақы тағайындалған. Сон­дай-ақ орташа жалақысы 20,7 мың теңге болыпты. Сол себепті ол кісінің зейнетақысы 24 067 теңгені құрайды. Бұл жерде ынтымақты зейнетақы – 6 426 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 17 641 теңге. Барлығы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес есеп­тел­ген», – деді ведомство бас­шысы.

Қазақстанда зейнетақы жыл сайын өседі. 2021 жылғы қаң­тар­дан ол тағы 7% жоғарылады. Оны инфляция мен девальвация жал­мауда. Экономистердің бай­ла­мынша, зейнетақыны көтеру жеткіліксіз. Зейнеткерлерге да­мыған елдердегідей қолдау мен жеңілдіктер жүйесі қарас­ты­рыл­ғаны жөн. Қариялардың жағ­дайы жақсы, көңілі тоқ әрі кө­теріңкі болса, төмен зей­нет­ақыға налымас па еді.

АйханАйхан ШӘРІП

 
Тегтер: бейнетБюджетзейнетзейнетақы
Алдыңғы жаңалық

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Келесі жаңалық

Коронавирус: Нұр-Сұлтандағы ауруханалар 80% толы

Ұқсас жаңалықтар

WBA
Жаңалықтар

Дүниежүзілік WBA рейтингісі жаңартылды

Наурыз 3, 2021
«Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды
Жаңалықтар

«Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды

Наурыз 3, 2021
Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Жаңалықтар

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Наурыз 3, 2021
Жаңалықтар

Қазақстандағы жеңіл автокөліктің 65%-і ескі: жаңарту жолдары қандай?

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүниежүзілік WBA рейтингісі жаңартылды

Наурыз 3, 21:09

«Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды

Наурыз 3, 20:55

Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Наурыз 3, 20:32

Қазақстандағы жеңіл автокөліктің 65%-і ескі: жаңарту жолдары қандай?

Наурыз 3, 20:08

Сәуірде Қазақстанда 20 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін – министрлік

Наурыз 3, 19:51

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Наурыз 3, 19:39

Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Наурыз 3, 19:16
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

WBA

Дүниежүзілік WBA рейтингісі жаңартылды

Наурыз 3, 2021
«Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды

«Adaldyq alańy» жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»