Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар, оңтүстік, оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында өте қатты жел күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, күндіз екпіні 30 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең – тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.