Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев митинг құқық қана емес, сонымен қатар жауапкершілік екенін түсіну керегін айтты, — деп хабарлайды «Қазақпарат».
«Митингі ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге кірісу керек. Митингіні өткізуге болады. Егер де олар заңды, қоғамдық тәртіпті бұзбаса және азаматтардың тыныштығына кедергі келтірмесе. Бұл — менің түбегейлі ұстанымым», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қоғамда митингі өткізу мәдениетін қалыптастыру қажетін айтты. «Митинг құқық қана емес, сонымен қатар жауапкершілік екенін түсіну керек», — деп қадап айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы мақсатта «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы әзірленуде. Онда бейбіт жиындардың барлық формалары нақты айқындалып, арнайы орындарды анықтау бойынша мәслихаттар құзыреті бекітіледі. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері анық көрсетіледі.
«Бұл тұрғыда қолданыстағы заңға өзгерістер емес, концептуалды жаңа заң туралы айтылып отыр. Бұл құжат бейбіт жиындардың барлық формаларын ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін регламенттейді. Үкімет Парламент қарауына заң жобасын енгізуі керек», — деді Президент.