Белгілі ресейлік шоумен және әзілкеш Азамат Мұсағалиев Instagram-да өткен тікелей эфир кезінде Қазақстанның Қостанай қаласына қатысты әзіл айтты. Желі қолданушыларының бірі Қостанай тұрғындары атынан оған сәлем айтты. Жауап ретінде Мұсағалиев қаланың атауына қатысты әзіл айтты.
«Негізі Қостанай сызықша арқылы жазылады— Қоста-Най», - деді Мұсағалиев.
«Қаланы Костан-Рика деп атамақ болған, алайда бұндай атау бар. Сондықтан Қоста-Най деп атаған», — дейді оның сөзін жалғастырған әріптесі Денис Дорохов.