Ұлтты жамандайтын әдеттен арылуымыз керек» – Момбек Әбдіәкімұлы
Ұлтты жамандайтын әдеттен арылуымыз керек» – Момбек Әбдіәкімұлы
363
оқылды

Шымкент аймақтық ақын-жазушылардың «Қаламгер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  тарихшы, әрі шежіреші Момбек Әбдіәкімұлын әңгімеге тартып,  сұхбаттастық.

– Шымкент қаласының тарихы төңірегінде қалам тартып, зерттеп, оны баспа беттеріне жариялап, ар­найы кітап шығарып жүрген жанның бірісіз. Айтыңызшы, 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласы ту­ралы айтылмай жүрген қандай тың деректер бар? Сонымен бірге мән бе­ріл­мей жүрген дүниелерге тоқ­талсаңыз... – 2200 жыл деген ойдан құрал­ған да емес, нақты нәрсе де емес. Дегенмен сол кездерде ел болған деген тұжырым бар. Жалпы, тарих толық зерттеліп біткен жоқ қой. Өзім­нің еңбектерімнен айтар болсам, мысалы ислам діні қазаққа қашан келді? Бірінші Шымкент пен Сайрамға келді. Оған ешкімнің таласы жоқ. Одан кейін Түр­кіс­танға, ары қарай Арқаға, Қазанға кетті. 6600 жылғы Тараздың түбінде болған атлас шайқасын алатын болсақ, Ташкент жақтан арабтың әскерлері сол жаққа қарай барды. Бұл – үлкен тарихи оқиға. Содан кейінгі монғол шапқыншылығы, яғни Шыңғыс ханның бірінші шапқыншылығы тура осы жерден басталған. Ақсақ Темірдің қанқұй­лы соғыстарының бәрі оңтүстікте болды. Мұны да ешкім жоққа шы­ғара алмайды. Кезінде Шымкенттің тарихын зерттеушілер де, жазу­шы­лар да болмады. Енді ғана жазылып, айтылып жүр. Мәселен, Орталық Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстанның тарихы бір­шама жызылып, реттеліп қалған. Ал бізде жоқ болды. Түптеп келген­де, қазақ хандығы да осы жерден бастау алған. Мынау тұрған Шу да шартты түрде осы оңтүстік өңіріне жататын. Жүргізілген соғыстардың барлығы да Сырдың бойында, яғни Шым­кенттің төңірегінде өтті. Қа­зақтың тарихы үшін бұл маңызды жер. Осының барлығын елеусіз қалдырамыз ба? Рет-ретімен айта берсең, қалмақ шапқыншылығы да қазақтың тарихында ең көп айты-л­ады. Ең қанқұйлы соғыстар осы жер­де болған. Одан кейін ең бір ай­тылмай жүрген жайт – қазақ-қыр­ғыз соғысы. Бұл да оңтүстіктің тарихына қатысты. 1740 жылдары басталған бұл соғыс 1847 жылғы Кенесарыны өлтіргенге дейін ұлас­ты. Бұл мәселе әлі күнге дейін қа­зақтың тарихында айтылмайды. Бұл туралы мақалаларым шықты, алматылық ғалымдар үн қосты. Бірақ бүкіл халықтың, яғни Қазақ­станның тарихына енбей жатыр. Бұдан кейінгі Қоқан хандығы­ның шапқыншылығын алайықшы. Оңтүстік өңірдегі 3 облысты Қоқан хандығы 56 жыл биледі. Залым­ды­ғы, оның қазаққа көрсеткен зияны әлі күнге дейін айтылмайды. Оны әлі жазып келе жатырмын. Таш­кенттің архивіне 32 мәрте кіріп, көптеген деректерге көз жет­кіздім. Ол кезде Кеңес үкіметінің кеңдеу уакыты еді. Айлап отырған кездерім болды. Көп нәрсе шығар­дым, бірақ көп дүние шығара алмай қалдым. Қазір есікті жауып қойды, бізді кіргізбейді. Онда орыстар жа­зып қалдырған қаншама дүниелер бар. Жазып жүрген кітаптарыма соларды қолданып жүрмін. Оңтүстік өңірдің, яғни Шымкент қа­ла­сынан бөлек, Жамбыл, Қызыл­орда және Алматы, Түр­кістан облыстарының 2 томдық тарихын дайындап жатырмын. Ол да бітуге таяу, осында барлық нәрсе айтылады. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен де қым­бат» атты мақала жариялады. Онда ашаршылық туралы жа­зылады. Тарих­шы ретінде осы кезең туралы алып-қосарыңыз бар ма? – Мемлекет басшысы осынау ма­қа­ласында «еліміздің ерте ке­зеңі­нен бастап қазіргі даму шегіне дейінгі жетістіктеріміз бен кем­шіліктерімізді ой елегінен өт­к­і­зейік» деді. Алайда осынау мақала шы­ға салысымен әлеуметтік желіде ашар­шылық төңірегінде түрлі әңгі­мелер айтып кеткендер болды. Тіп­ті, біреулері ұлттық қа­уіп­сіздік ко­митетінің архивін аш­сын, сол жер­де біраз нәрсе бар деп жазыпты. Мен айтар едім ол жерде ашар­шы­лық туралы ешқандай мәлімет жоқ. Өйткені оны сол кез­де-ақ жоқ қы­лып тастаған. Оны бас­қа жақтан алу керек. Президент өз мақала­сын­­да «1921-1922 жыл­дар­дағы нәу­бет, тарихымыздың осы ақтаң­дақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе­ді» дейді. Жалпы, осы тұста айта­рым, тарихи әде­биеттерде 1921-22 жылдары бү­кіл Қазақстанда ашар­шы­лық болды деп жазылып кет­кен. Ол дұрыс емес. Оңтүстік өлкесінде, яғни жо­ғары­да айтқан 3 облыста сол кездің ті­лімен айт­қанда, Түркістан өлке­сін­де 1917-1918 жылдары ашар­шы­лық болған. Бірақ – ол қолдан жа­­­салмаған жылантақыр жұты еді. 100 жасаған әжем айтып отыратын, қар не жаңбыр жаумай, жер құрғап, жұт болған екен. Т.Рысқұлов жы­лан­тақыр жұтында 500 мыңдай қазақ опат болып, 3 миллиондай малдың қырылғанын айтады. Одан соң 1918 жылдан бастап Ташкентте қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газеті осы ашаршылық жайында жақ­сы-жақсы мақалалар жазады. Көптеген жайтты айтып өтеді. Ал Орталық Қазақстанның шығыс аудандарының бергі жағы, сосын батыс Қазақстанның бергі шеттері Шалқар жақты қамтыған жұт 1922 жылы болған. Ал кейбір жазбалар бүкіл Қазақстанда болған деп жатады, осы жағын ажыратып алу керек. Бұл табиғаттан келген жұт болатын. Ал ол кезде оңтүстік өңір тойынып қалған еді. Ол кезде бізде ашаршылық болған жоқ. Ал 1931-1932 жылдағы ашаршылықты айт­қан кезде барлық жерде тек қана орталық Қазақстанды, сонау Ғабит Мүсірепов айтып кеткен 1-2 мәсе­лені айтады. Қарағанды мен Қос­танайда болған ашаршылық сөз болады да, біздің оңтүстіктегі Шым­кент пен Жамбыл, Қызылорда облыстары неге айтылмайды? Шын­дығына келгенде, бұл жерде де халық қатты қырылған. Осы тұста бір нәрсені баса айтқым келе­ді. Қазақ халқының зиялыларында өз ұлтын жамандайтын жаман әдет бар. «Қазақ жаман» дейді. Білмей­мін, бұл әдет қайдан сіңіп жүр­ге­нін?! Кейбір адамдар «қазақтар ашар­шылықта өздерінің жалқау­лығынан қырылды» дейді. Айна­лайын-ау, жердің астындағы тыш­қанды теріп жеп жүрген адам жал­қау бола ма? Одан кейін 1928 жыл­ғы байларды тәркілеу кезе­ңін­дегі архивтегі деректер әртүрлі. Сон­дықтан мұның барлығы – қа­ралы тарих. – Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан тарихты зерттеуге, ізденістер үшін арнайы қаржы бөліп, қолдап жатқан кездері болды ма? – Шынын айту керек, қала әкі­мінің орынбасарлығына әдебиетке жақын Шыңғыс Мұқан және мә­дениет басқармасына Ханзада Әзімханқызы келгелі тарих пен мәде­ниет тұрғысындағы жұмыс­тардың алға жүре бастағанын жа­сырмаймыз. Бұрынғы мәдениет басшыларын, қала әкімінің идео­логияға жауап беретін орын­басарларын танымайды да екенбіз. Шыңғыс Мұқан келе сала зиялы қауым өкілдерімен танысып, Шым­кент қаласының тарихы тура­лы кітапты шығаруға белсеніп кірісіп отыр. Цитадельге қатысты істерді де бұрынғы әкім Айтаханов та, мына әкім Әйтенов те жақсы көтеріп келеді. Қазір тарихшылар мен әдебиетшілерге көңіл бөлінді. – Әлеуметтік желіде Шымкент қаласына қатысты үлкен дау болып тұрған мәселе – Асанбай Асқаровтың ізі қалған атшабарды қаланың шетіне шығару. Шымкенттің тари­хына жанашыр ретінде осыған көзқарасыңыз қалай? – Негізі, иппадромның орнына көпқабатты үй емес, дендропарк сияқты әдемі бау салу керек еді не­месе иппадром тұра беру керек. Кім­нің көзіне түрткі болғанын қай­дам, қаланың тарихы ғой бұл. Мүмкін атшабарды сыртқа шы­ғар­ған дұрыс та шығар. Бірақ дәл сол жерге 9 этажды бірнеше үй салу – қонымсыз. Арғы жағында наурыз алаңы бар, бергі жағында денд­ропарк тұр. Ертеңгі күні ден­дро­парк­­ті ана жерге болмайды, тұр­ғындар тұратын маңда зообақ тұрған дұрыс емес деп, оларға да ауыз салынуы мүмкін. Қарсы­лы­ғымызды білдірдік, бірақ сала­тын болып бекітіліп, қабылдап қой­ған сияқты гой. BI Group құры­лыс компаниясы аядай жерде несі бар, басқа жерден де сала бермеді ме? Жазушы ретінде бұған қар­сымын. – Шежіреші ретінде айтыңызшы, қоғамда ресми айтылмаса да, қа­зақта ру мәселесі өзектілігін жой­ма­ған. Өзіңіз амандық-сау­лықтан соң ру сұрасатындарды, екеуара әңгімеде шыққан тегін зерттеп отыратындарды құптайсыз ба? – Құптаймын. Кез келген қазақ өзінің руын білуі керек. Рудан неге қа­шамыз? Сол рудан жаралған бол­сақ. Бірақ сол руды әлі күнге дейін дұрыс жағына реттей алмай отыр­мыз. Мәселен, ру тайпалардан, тай­­­­палардан қазақ құралады. Қай халық атам заманнан тілі бір, діні бір, ділі, жүрегі бір болды қазақтан басқа? Қанша тайпаға бөлінсек те, мақұл Дулат бір тайпа, Қоңырат Найман, Керей бір тайпа, тағы бас­қа тайпа болғанымен ешқашан соғысқан емес. Айтыңызшы, мына жер­де орта жүз, кіші жүз соғысты де­ген тарихта айтыла ма? Қыр­қыс­қан жері жоқ. Сонда осы рушылдық де­генді қайдан тауып алдық? Қазақ қалай рушыл болған, егер оның ағайыны 37-жылдары бір-бірін ұстап беріп отырса, қандай ру­шылдық? Біреулер айтады, қазақ бір-бірін ұстап береді, қазақ рушыл дейді, мен оны көрмей тұрмын. Қай уақытта біз ұлтымызды жаман­дайтын ауруға ұшырадық? Бізге қауіп басқада емес, осында. Қазақ жаман, қазақ рушыл, надан дей отырып, өзі қазаққа не қызмет етті? Осы пиғыл біздің санамызға сіңді. Әлеуметтік желіні ашсаңыз, бесік­тен белі шықпаған баланың өзі осы сөзді жаттап алған. Қазақ әйелдері де сөйдеп айтады. Солар түріктің, үндінің сериалдарын көріп отыр. Олар бір-біріне «түрік жаман, орыс жаман» демейді. Жаман болсаң, өзің жамансың, нең бар бүкіл қа­зақта? Жалқау болса, өзіңнің балаң жал­қау шы­ғар, менің баламда нең бар? Осылай кейде біреулермен сөз­ге де келіп қаламын. Кез келген ауыл­­да жаман да, жақсы да бар. Бұл – жаман үрдіс. Елдік, мемлекет­шіл­дік ал­дың­ғы орында тұруы керек. – Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы