19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.
«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.Бұған дейін министр жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынатынын айтқан болатын.